ТикТок әлеуметтік желісінде әзілкеш "Тұрсынбек Қабатовтың тоқалы Айманмын" деп парақша ашқан бейтаныс кісі өзін қарғағандарға жауап беріп, құраннан мысал келтірді деп жазады Democrat.kz.
Парақшада әр жариялаған фото, видеолардың астына жұртшылық ауыр сөздер мен қарғысқа толы дүниелерді тоқтаусыз жазады.
Соған жаны шыдамаса керек, "Тұрсынбектің Айманымын" деген парақша иесі жұртшылыққа ақыл айтып, тіпті құранның сүрелерінен мысал келтіріп, жазба жариялады.
Өз жазбасында жалған парақша иесі: "Аллаһ мүминдерге ескерту жаса деп" айтатынын алға тарта отырып, "біздің жеке өмірімізге араласпаңдаршы" дегенді жұқалап жеткізген.
Еске салып өтейік, бүгін ғана Тұрсынбек Қабатовтың Айманы ТикТокта парақша ашпағанын айтып, мынадай жалған парақшаларды заңды жауапқа тартатынын мәлімдеген еді.


Тұрсынбектің тоқалының атынан кетіп жатқан бұл жазба да жұрттың ашуын оятты. "Бес баланың көз жасы ұрады сені", "иман, дін туралы сен айтпашы", "арсыздық қой бұл"дегенге саятын пікірлер жазуда оқырмандар.
Әзірге қасақана жалған парақша ашып, жұрттың қарғысын алып отырған бұл парақшаның иесі кім екені белгісіз. (Мақаланы ұрлап, сілтемесіз көшіріп басатын сайттарды заңмен жауапқа тартатынымызды ескертеміз!)