"Тұрсынбектің заказы": Сөзге қалған Бақыт Тұрман ақтала бастады

"Тұрсынбектің заказы": Сөзге қалған Бақыт Тұрман ақтала бастады

Мөлдір Мұқанованың киносына қарасты сын айтқан Бақыт Тұрман ел алдына қайта шықты, деп жазады Democrat.kz.

«Қыздар, бәрі жақсы. Мөлдір ханымның өзі де  «Ол рас, осындай кемшіліктер кетті» деп жазды. Білесіз ғой, менің шын пікір айтатынымды, сондықтан ешқандай реніш болмайтын шығар деп сенемін.

Болды, ешқандай реніш жоқ» деп,  тіпті Мөлдірдің атынан өзі жауап берді. 

Мұны тыңдаған көпшілік те қарап қалмады. «Қайраттың киносы да нашар ғой, соны неге айтпайсың, айтқыш болсаң?!», «Тұрсынбекке жағынып жатқан шығар, соның театрында жұмыс жасайды ғой», «Тұрсекеңнің заказы» емес пе?!» – деп күмәнданды желідегі жұрт

Барлық жаңалықтар