"Тынысым тарылмайды": Бағдат Әшімова өмірдегі ең үлкен өкінішін айтты

"Тынысым тарылмайды": Бағдат Әшімова өмірдегі ең үлкен өкінішін айтты

Қазақ кино өмірінің жарық жұлдызы, марқұм Асанәлі Әшімовтің әйелі Бағдат Әшімова отбасылық өмірі мен өзінің үлкен өкініші туралы айтты деп жазады Democrat.kz.

"Балалы болу үшін бармаған жеріміз қалмады. Әулие, әмбиелердің бәрін аралап шықтық. Медицинаның көмегімен Асекең жетпіске толғанда балалы болдық. 

Алып азаматтан ұл сүйгеніме, артында ұрпақ қалдырғаным үшін өзімді бақытты әйел санаймын. Перзентханада Кесарь тілігімен ұлымды дүниеге әкелгенімде Асекең де жанымда болды. 

Сол сәтте дәрігерлер сәбиді Асекеңнің бауырына бастырып еді. Сол сәттегі тебіренісін тілмен жеткізіп айта алмады. 

Кейде ішімде өкініш болады. Кішкене кештеу кездескенімізге қатты өкінемін"деген Бағдат Әшімова жылдардың зуылдап өтіп жатқанына күрсінді ескі бір сұхбатында. 

Мұнан бөлек, сол сұхбатында Бағдат апамыз "Асекең жүз жасаса екен деп тілеймін. Асекең барда менің де тынысым тарылмайды"деп сүйікті жарының ғұмырлы болуын тілеген екен. 

Еске салып өтейік, атақты актер Асанәлі Әшімов 21 желтоқсан 2025 жылы 89 жасында қйтыс болды. 

Дайындаған Ұлжан БАҚЫТҚЫЗЫ.

 

Барлық жаңалықтар