Алма Аманжолова бір басында бірнеше есімі барын жасырмады, деп жазады Democrat.kz.
Айтуынша, әншінің Шөмішгүл әрі Ожаубике деген қосымша есімдері бар болып шықты. Өзі мұны естір құлаққа түрпідей тигенімен, өзіндік шығу тарихы барын айтады.
«Біздің кезімізде медицина дамымаған соң көп бала шетінеп кетті ғой. Балалар көтере алмайтын ауру көп болды. Көз деген бар. Сондайдан менің алдымдағы бала шетінеп кеткен соң, мені де солай болып кете ме деп қорыққандықтан атымды Құдай алмасын деген мағынамен «Алма» деп қойған.
Ал «Шөмішгүл» мен «Ожаубике» жайында айтар болсам, бала ұзақ ғұмыр сүру үшін жеті кемпірдің бұтынан өткізіп, немесе атын атамайтын. Сондықтан қолында өскен нағашы апам мені бұны Шөмішгүл, Ожаубике дей беріңдер дейтін», – деп құпиясын ақтарды. (Мақаланың өңін өзгертіп, ұрлап, сілтемесіз көшіріп басатын сайтты сотқа беретінімізді ескертеміз!)