Жұртқа интимді видеосы тарап, Хан тамада деген атпен танылған Қасым Өтешов қамауға алынды деп хабарлайды Democrat.kz.
Хан тамада 10 тәулікке қамауға алынды. Алайда ол интим видеосы үшін түрмеге жабылмады.
Мамыр айының ортасында полиция Хан тамадаға әйелі Алмаға жақындамау туралы тыйым қарарын шығарған екен.
Әйтсе де, Хан тамада өзіне салынған заңды тыйымды бұзып, әйеліне келгені мәлім болған.
Осыған байланысты, заңды тыйымды бұзған,әйелімен араздасқан Хан тамада енді он күнін түрмеде өткізеді.
