Әнші Қайрат Нұртастың қызы Алау Қайратқызы әлеуметтік желідегі парақшасында жүрегін тербеген әсерлі сәті туралы жазба жариялады деп жазады Democrat.kz.
Алау Қайратқызы мектеп бітіруіне байланысты қандай сезімде болғанын айтып: "Дарын мектебі жай ғана мектеп емес, бұл менің екінші үйім болды.
Бұл мектеп маған керемет адамды жолықтырған, ғажайып жақсы уақыттарымды өткізген қимас мекенім.
Дәл осы жерде алғаш рет қимастық сезімді бастан кешірдік. Дәл осы жерде емтихан үшін көзімізден жас төгіліп, ұйқысыз түндеріміз өтті.
Мектептегі достарым туысымдай жақын болғаны сондай, бұл күндер де бітетінін ойлаудың өзі қандай ауыр..."деп жазып "Дарын" мектебіне алғысын білдірді.