Үкімет қазақстандық өндірушілердің сыртқы нарықтарға шығуын қолдау жөніндегі шаралар кешенін әзірлейді

Үкімет қазақстандық өндірушілердің сыртқы нарықтарға шығуын қолдау жөніндегі шаралар кешенін әзірлейді

Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов отандық тауар өндірушілердің экспорттық әлеуетін кеңейту және қосылған құны жоғары қазақстандық өнімді сыртқы нарықтарға ілгерілетудің маңызды екенін баса айтты деп жазады Democrat.kz. 

«Қазақстандық дайын өнімнің сыртқы нарықтардағы үлесін кеңейту қажет», 

— деп атап өтті Олжас Бектенов.

 Премьер-министр Сауда министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп орындау үшін бірқатар тапсырма берді:

отандық өндірушілердің шетелдік ірі сауда желілеріне шығуын қолдау тетіктерін әзірлеу;

басымдық берілетін елдерді, сауда желілерін және тауар топтарын айқындау;

қазақстандық өнімді ілгерілету, сертификаттау, логистиканы ұйымдастыру және оны шетелдік сауда желілерінің сөрелеріне орналастыру бағытында кешенді шаралар әзірлеу.

Бақылау және үйлестіру Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғаринге жүктелді.

Барлық жаңалықтар