Әнші Бейбіт Сейдуалиева тыңдарманның аузын аштырды. Ол жұртқа шебер орындаушы екенін тағы бір мәрте дәлелдеді, деп жазады Democrat.kz.
Желіге тараған бейнежазбаға зер салсақ, Бейбіттің Уитни Хьюстонның хитке айналған туындысын нақышында орындағанын байқауға болады. Иірімі қиын тректі түпнқсқадан кем емес етіп орындаған оның өнеріне тәнті болғандар аз емес.
Тіпті, күйеуі Тоқтар Серіковті жарының өнерін қажетті дегейде қолдай алмады деп айыптағандар да бар.
«Тоқтарға ұрынып көрінбей, көтеріле алмай қалды. Негізі әлемдік әнші еді», «Бейбіт сіңлім, жарайсың! Уитни Хюстонның осы әнін жақсы көремін, сен қазақтың Уитниі екенсің ғой», «Мәәә, шокпын! Қалай ол, Бейбіт нағыз талант екен ғой. Я в шоке, жарайсыз», «Мына дауысты бұрыннан неге көрсетпеген», «Ойламаппын Бейбітте осындай дауыс бар деп, керемет қой мынау», – деген тыңдармандар таңданысында шек болмады.(Мақаланы ұрлап, сілтемесіз көшіріп басатын сайттарды заңмен жауапқа тартатынымызды ескертеміз!)