Түрлі зорлықтар мен қорлау әрекеттері туралы әр хабарды қалт жібермейтін, заңгер Ләззат Рақышева әлеуметтік желідегі парақшасында тағы бір сұмдық ақпарат туралы бөлісті деп жазады Democrat.kz.
Әлеуметтік желідегі парақшасында Ләззат Рақышева: "Педофилдерді тоқтата алмай жатсақ… Мынау не сұмдық енді?
Жастар арасындағы қатыгездік пен әдепсіздіктің шектен шығып бара жатқаны.
Бұл неден болып жатыр? Халықтың әлеуметтік жағдайынан ба? Ақпараттық сауаттылықтың төмендігінен бе? Әлде жас ұрпақ тәрбиесіне жеткілікті көңіл бөлінбей жатқандықтан ба?
Өкінішке қарай, мұндай жағдайлар бірінші рет емес, соңғы кезде мұндай видеолар жиілеп кеткендей көрінеді.
Сіздер қалай ойлайсыздар, бұл мәселеге не себеп? Ой-пікірлеріңізді жазып кетіңіздер", деп жазып, сұмдық ақпаратпен бөлісті.
Түсінгеніміздей, Алматы облысында үш жігітті бір бірімен мәжбүрлеп, жыныстық қатынасқа түсірген.
Бұл ақпаратты Bugin.media ақпараттық порталы видео түрінде бөліскен.
Видеодағы еркек дауыстары жалаңаш жас жігіттерді тізіп қойып, жыныстық қатынасқа түсуге бұйырып тұр.
Оқиғаның қашан, нақты қай жерде болғаны туралы әзірге ресми дерек жоқ.