ВИЧ-пен ауыратын еркек Алматыда 13 жасар қызды зорлаған

ВИЧ-пен ауыратын еркек Алматыда 13 жасар қызды зорлаған

Құқық қорғаушы Ләззат Рақышева Threads-те 13 жасар қызды зорлау туралы іс туралы айтты. Заңгердің айтуынша, зорланған қыз бен оның анасының құқықтары бұзылып жатқан көрінеді деп жазады Democrat.kz.

Заңгердің айтуынша, қылмыс 2025 жылдың 1 қыркүйегінде Алматыда болған. Күдікті қыздың әкесінің танысы екен, құқық қорғаушының айтуынша, ол ВИЧ-пен ауырады. ВИЧпен ауыратын еркек титтей қызды зорлаған. 

Баланың ата-анасы ажырасқан. Қылмыс болған кезде қыздың анасы еңбекпен түзеу колониясында болған.

Құқық қорғаушының айтуынша, бірде-бір мемлекеттік орган әйелге қызына қатысты қылмыс жасалғаны, тергеу мен сот басталғаны туралы хабарламаған. Ол не болғанын алты айдан кейін ғана біліпті.
⠀
Алматы қалалық полиция департаменті күдіктінің ұсталғанын, қазіргі кезде тергеу абақтысында отырғанын мәлімдеді. 

Барлық жаңалықтар