Вице-министр Жұмыс тобынан кеткен белсенді ұстаздар туралы айтты

Вице-министр Жұмыс тобынан кеткен белсенді ұстаздар туралы айтты
Оқу ағарту министрлігі жанынан құрылған Қоғамдық кеңеске еліміздегі белсенді ұстаздар ресми мүше болып тіркелген еді. Өкінішке қарай, сол Қоғамдық кеңестің Жұмыс тобының бірнеше өкілі, яғни белсенді ұстаздар ол топтан шығып кеткенін мәлімдеді. Осы мәселеге қатысты вице министр Шынар Ақпарова журналистердің сұрағына жауап берді деп жазады Democrat.kz.
 
Еске салып өтейік, Оқу ағарту министрлігі жанынан құрылған Қоғамдық кеңестің Жұмыс тобынан кеткендерін танымал белсенді ұстаздар Өмір Шыныбекұлы, Тілекқабыл Нұрышов, Айман Сағидулла, Мейіржан Темірбек таяуда ғана ресми мәлімдеген болатын.
 
Белсенді ұстаздар Жұмыс тобында ешқандай ұсыныстары қабылданбайтынын, жиында сөз бостандықтарына шектеу жасалатынын ашық айтқанын Democrat.kz. жазған болатын.
 
«Тегін жұмыс істедік. Бірақ жұмыс барысында біздің ұсынған ұсыныстарымыз қолдау таппады. Тіпті, министрлік өкілдері «жұмыс істегіңіз келмесе жұмыс тобы босатыңыз» деді" деген Айман Сағидулла мұғалім мен оқушыға тиімсіз заңдардың қабылдануына себепші болғысы келмегенін ашық айтқан еді.
 
Ал вице-министр Шынар Ақпарова кешегі өткен баспсөз брифингінде бұл мәселенің егжей- тегжейіне тоқталғысы келмеді ме, "олар өз еркімен шығып кетті" деп қысқа қайырып, мәселені жылы жауып қоя салды. 
 
Барлық жаңалықтар