8 наурыз мерекесінде екі түрлі демалыс болады

0
547

Наурызда Қазақстанда Халықаралық әйелдер күні тойланады, яғни тұрғындарға қосымша демалыс күні беріледі. 8 наурызда азаматтар қалай демалатынын KAZ.NUR.KZ материалынан оқыңыз.

Биыл 8 наурыз сенбіге түсіп тұр. Бұл бес күндік жұмыс аптасында қазақстандықтар үш күн қатарынан – 8, 9 және 10 наурызда демалады деген сөз.

Ал алты күн жұмыс істейтіндер тек 8-9 наурыз демалады, 10 наурыз – жұмыс күні болмақ.

Айта кетейік, БҰҰ-ның ресми сайтында хабарланғандай, Халықаралық әйелдер күні (8 наурыз) бүкіл әлемде тойланады. Бұл күні жұртшылық ұлттық шекараларға немесе этникалық, тілдік, мәдени, экономикалық және саяси ерекшеліктерге қарамастан, әйелдердің жетістіктерін атап өтеді.

Халықаралық әйелдер күнін мерекелеу идеясы алғаш рет ХХ ғасырдың басында индустриалды әлем экспансия мен сілкініс кезеңін, халық санының өсуі мен радикалды идеологиялардың пайда болуын бастан өткерген кезде пайда болды, деп жазады Calend.ru сайты.