Танымал журналист Гүлжан Ерғалиева өзінің Elmedia арнасында экс елбасы Назарбаевтың тоқалы Әселге қатысты ел білмейтін шындықты айтты деп жазады Democrat.kz.
Гүлжан Ерғалиева Елбасының тоқалы Әселдің шешесін жақсы танитынын, жұрт айтып жүрген Есполов Әселдің өз әкесі емесін айтады. Журналистің пайымынша, тоқалының әкесін басқа адам етіп көрсету арқылы биографиясын қолдан жасаған болуы мүмкін көрінеді.
"Өйткені Әселдің шешесі Гуля студент кезінде әкеміздің алыс туыстарының үйінде тұрды. Сол кездің бір күнінде Гуляның аяғы ауыр екенін білдік.
Бұл проблеманы шешу керек болды. Біз ол мәселені шештік те. Кейінірек біз Әселдің бала күндеріне куә болдық. Ал оны көп уақыт өткенде, он жеті жасында жиеніміздің тойында көрдік.
Ол өте әдемі қыз болып өсті. Оның әжесі Зәуре "Әсел көркем гимнастикамен айналысып жүргенін, болашағынан көп үміт күтетінін" айтты.
Сол кезде сұлулық байқауына қатысуға дайындалып жүрген Әселге БАҚ арқылы қолдау білдірмек болғанымда, әжесі "Әселдің мықты спонсорлары бар" деген.
Кейінірек Әсел Исабаева мисс Қазақстан болғанын естідік. "Алексей" құпия коды бар атты алған Әсел Исабаева Құрманбаева кейінірек Назарбаевқа бала туып берген тоқал болғанын мен де Рахат Әлиевтің сөздері жазылған таспадан естіп білдім.
Міне, сол себепті айтарым, Әселдің әкесі Есполов емес, тоқалының статусты отбасынан шыққанын көрсету үшін Назарбае оның биографиясын қолдан өзгерткен"дейді Гүлжан Ерғалиева.