Абай Бегей күйеубалаларына қатысты айтты

0
462

Танымал әнші Абай Бегей актер Тәуекел Мүслімге берген сұхбатында күйеу балаларымен қарым-қатынасы жайлы ашық айтты. Ол қызының тұрмысқа шығу туралы шешімін бірден қолдағанымен, болашақ күйеу баласымен алдын ала танысудан бас тартқанын жеткізді.

Әншінің айтуынша, қызы өз қалауымен жар таңдап, оны әкесіне таныстыруға ниет білдірген. Алайда Абай Бегей қызына: «Егер маған ұнамай қалса, тұрмысқа шықпай қаласың ба?» деп сұрақ қойып, қызының таңдауы нақты екенін түсінген соң, күйеу баламен алдын ала кездесуді қажет деп санамаған. Ол ұзату тойын 700 адамға арнап өткізіп, күйеу баласын алғаш рет сол кезде ғана көргенін айтты. Сонымен қатар, әнші күйеу балаларымен жақын араласпайтынын, тіпті телефон соқпайтынын ашық мойындады. Оның себебін: «Маған бір адам ұнамай қалса, кейін ол адаммен араласа алмай қаламын» деп түсіндірді. Сол себепті де ол қызынан күйеуін жамандамауды өтінген.

Әншінің бұл пікірі көпшіліктің қызу талқысына түсті. Әлеуметтік желі қолданушыларының кейбірі оның ұстанымын тым тәкаппарлыққа балап, ата-ананың баласының кез келген таңдауын қолдауы керектігін жазды. Бірқатары «Нағыз әке қызына таңдау жасатпайды»«Әкесіне неге ұнау керек?»«Бұл – өзімшілдік» деп пікір білдірді.

Желіде екіұшты пікір қалыптасқанымен, әр адамның отбасылық қарым-қатынасқа деген көзқарасы әртүрлі екені сөзсіз.

Дереккөз: Polıtıco.kz.