Адамзат үлкен хаостың, бәлкім қантөгістердің алдында тұр.

Байден әкімшілігі соңғы бір жарым жылдан бері халықаралық заңнаманы белден басып, халықаралық сотқа түкіріп келді. «Елге қайтіп ақыл айтасың,өзің дуанасың» дегендер болды.
Енді Маск пен Трамп келіп, «ақыл да айтпаймын, жай ғана білгенімді істеймін, не істеп аласың» деп отыр. Халықаралық заң да, ұйымдар да керек емес, әркім өзі үшін жауап берсін дейді.
Себебі Американың «халықаралық тәртіпке» жұмсайтын қаржысын қысқартпақ (бәлкім оның біразын өз бизнестеріне бұратын да шығар).
Президент қана емес, Конгресс те республикашыл, демек кез келген заңды қабылдата алады.
Бұл дәуірде әлсіз мемлекеттер күштілердің талауына түседі, бәлкім біраз мемлекеттер картадан жойылады.
Әлемнің қазіргіден де көп бөлігін оңшылдар билеп, дүние поляризациялана түседі. Либералдық құндылықтарды насихаттайтын университеттер, медиа, тб. қаржыландыру да қысқарады. Әлеуметтік желіде де халықтарды жауластыра түсетін контент көбейеді.
Украинаның шекарасы жылжып, жаңа президент сайлайды. Израиль ғаза қырғынынан тірі қалғандарды көшіріп, өз шекарасын кеңейтеді.
Біз сияқты мемлекеттерді күшті мемлекеттердің эксплуатациясы күшейе түседі. Бай мен кедей арасы бұрынғыдан да алшақтайды.
Бұл біз білетін әлемнің де, бәлкім Американың да соңы. Империяның соңы да, жаңа дәуірі де осы болуы мүмкін. Илонға рахмет айтыңдар.
Қысқасы, соңғы уақта бір түнек дәуір келе жатқандай сезімде жүрмін. Болжамым қате болып шықса екен деп үміттенемін.
Әсия БАҚДӘУЛЕТҚЫЗЫ, журналист.
Facebook жазбасы.
Фото көрнекілік үшін.