Айбар Олжай: Салық кодексінің кей баптары кері қайтарылуы мүмкін

Қаржы сарапшысы Айбар Олжай «Қасқа Жол» подкастында салық реформасының негізгі құжаты – жаңа Салық кодексі туралы пікір білдірді. Оның айтуынша, Қазақстандағы салық саясатына қатысты барлық өзгеріс осы құжатта қамтылады.
«Наурыздағы демалыстан кейін Салық кодексінің жобасы Мәжіліске енгізілуі тиіс. Алғашқы оқылымда қызу талқылау күтіледі – депутаттардың бәрі бір пікірде емес, сондықтан түрлі ұсыныстар мен өзгертулер қарастырылады. Кейбір баптары Ұлттық экономика министрлігіне кері қайтарылуы мүмкін. Егер Мәжілістен өтсе, Сенатқа жіберіледі. Ал Сенаттан кейін мемлекет басшысының қол қоюына беріледі. Құжат мақұлданса, 60 күн ішінде күшіне енеді», – деді Айбар Олжай.
Жаңа Салық кодексінде ҚҚС мөлшері, салықтық жеңілдіктер мен басқа да маңызды өзгерістер қарастырылмақ. Оның нақты қандай болары алдағы парламенттік талқылаулардан кейін белгілі болмақ.