Әйел ұрғыш еркектер қай облыста көп?

0
1867

БҰҰ-ны еліміздегі сарапшылары Қазақстандағы бүкіл облыстарда арнайы сауалнама жүргізіп, қай өңірдің еркектері әйел ұруды дұрыс санайтынын анықтады деп хабарлайды Democrat.kz. Ақпараттық порталы.

ТикТок әлеуметтік желісіндегі “Мүмкін емес” арнасы таратқан хабарда еліміздің оңтүстік өңірінің еркектері әйелге қол көтеруді дұрыс санайтынын, сондай-ақ әйелді ұру керек деген ұстанымын жасырмайтынын айтады.

БҰҰ сарапшыларының мәліметінше шымкенттік еркектер “әйелді күшпен басқаруды” жөн көретінін жасырмаған. Әйелді ұрып-соғуды дұрыс санайтын еркектер Түркістан облысында ең жоғары көрсеткіште болса, одан кейінгі орынға Шығыс Қазақстан облысы, ал үшінші орында Ақтөбе облысы кіреді екен.

Әйелге қол көтеру — сорлы, қорқақ еркектің әрекеті деген түсінік Солтүстік Қазақстан облысының еркектеріне тән қасиет екен. Еліміз бойынша әйелді ұру көрсеткішінен солтүстік аймақ ең соңғы орында екен.

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.