Әйелдер қари болам деп тәж киюде

0
506

«Хадиша» қари орталығында әйелдер қари болуға қабылданып, соның құрметіне оларға тәж кигізілді деп хабарлайды Democrat.kz.ақпараттық порталы. 

Қазақстанда әйел қариларға айналған орталық бар екен. Міне, сол орталықта қари атанған әйелдерге арнайы тәж кигізіліп, игі тілектер жаудырылып жатыр.

«Хадиша» қари орталығында осындай мәртебеге жеткен қыз-келіншектерге: «Бисмилләһ, Алла-тағала қиямет күні ата-анасына нұрдан тәж киюді нәсіп етсін. Құран кәрімді түгел жаттап шығуға нәсіп етсін Аллам. Құранды толық жаттаған шәкіртке Алла-тағала қияметте нұрдан тәж кигізеді. Ол тәждің жарығы күннің нұрынан да жарық болады деген хадис бар»,- дейді орталықтың оқытушысы.

Мұнан кейін «Хадиша» қари орталығына шәкірт болып қабылданған өрімдей жас қыздар  еркегі толы бір топтың алдында араб тіліндегі дұғаны бірнеше рет қайталады. Түсінгеніміз, қари болуға қабылданды.

@qarilyq_ortalyq

♬ оригинальный звук — “Хадиша” қарилық орталық

Фото видеодан скринделді.