Әйелін ұрыс-соққан қазақстандық дипломат 7 жылға сотталмақ

Әйелі Карина Мамашты 10 жылдан аса уақыт ұрыс-соққан бұрынғы дипломат 7 жылға сотталуы мүмкін, деп хабарлайды Democrat.kz Жетінші арнаға сілтеме жасап.
Карина Мамаштың адвокаты Бибінұр Мұратованың айтуынша, күйеуінен 10 жылдан аса қорлық көрген екі баланың анасының ісі сотқа жіберілді.
“Тергеу толығымен аяқталды. Енді экс-дипломат Қылмыстық кодекстің 100-бабы (Азаптау) бабы бойынша сот алдында жауап береді”, – дейді адвокат.
Айта кетейік, бұл бап бойынша күдікті енді 4 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Еске салсақ, бұған дейін дипломаттың әйелі Карина Мамаш 5 мамырда Сәкен Мамаш үйіне қонаққа келген әпкесі мен оны ұрып-соққанын айтқан еді. Осыдан кейін сыртқы істер министрлігі Біріккен араб әмірліктері дипломатын тұрмыстық зорлық-зомбылық жасады деген айыппен Қазақстанға шақырып алды. 9 мамырда әйел Астанаға оралды. Қауіпсіздік үшін Карина балаларымен бірге дағдарыс орталығына орналасты.
Шенеуніктің әйелі күйеуінен 10 жылдан бері зәбір көріп келе жатқанын айтып, көмек сұраған еді.