Әйелінің үстінен бензин құйып өртеп жіберген

0
262

Жамбыл облысы Тараз қаласында әйелімен сөзге келіп қалған 54 жастағы ер адам оның үстіне бензин құйып, оны үйімен қоса өртеп жіберген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұл оқиғаға қатысты алдымен Жамбыл облысының Төтенше жағдайлар департаменті ақпарат таратты.

«30 шілде күні Тараз қаласында сағат 22:59-да «Шалғай Қарасу» ауданы, Наркескен көшесінде орналасқан жеке тұрғын үйде 100 шаршы метр алаңда өрт шықты. Өрт сөндірушілер өртті сағат 23:32-де сөндірді. Өрт орнынан 1 баллоны табылды.  Күйік шалған 1980 жылғы әйел ауыр жағдайда ауруханаға түсті. Өрттің алдын ала себебі – қасақана өртеу», — деп хабарлады облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Жергілікті пабликтердің ақпаратына сүйенсек, өртті сол үйдің иесі, жуырда ғана түрмеден оралған 54 жастағы ер адам бастаған.

«Отбасындағы ұрыс-керіс кезінде ер адам әйелінің үстіне бензин төгіп, оны өртеп жіберген. 1980 жылғы әйел адам қалалық ауруханаға түсті. Оның 54 жастағы күйеуіне іздеу жарияланды. Көршілерінің айтуынша, күйеуі бұрын сотталған, жуырда ғана бостандыққа шыққан. Ол әйелін өртеген кезде үйде балалар да болған», — деп жазады ашық дереккөздер.

Редакция Жамбыл облысының полиция департаментінен ресми мәлімдеме күтіп отыр.