Әйтеновтерге қатысты жаңа видео шықты (ВИДЕО)

0
1359

Екі күннен бері қоғамда шу тудырған «әйтеновтер оқиғасына» қатысты тағы бір видео жарыққа шықты. Видеода оқиғаның қалай, қашан, неден басталғаны баяндалады деп жазады Democrat.kz. ақпараттық порталы. 

Видеода байқағанымыздай, Әйтенов әйелін тұрып жатқан үйлен шығармас бұрын екеуінің арасында талас-тартысқа толы ұрыс-керіс болған. Бір бірінің сөзін жоққа шығарған Әйтенов пен Дана Әтешова ортақ келісімге келе алмағаны мәлім.