Ақбота-Нұр: «Оны ешкім бұза алмайды»
Қазақстандық актриса әрі әнші Ақбота Сейітмағамбет Instagram желісіндегі парақшасында жабық киіммен түскен фотосын жариялады.
Эстрада жұлдызы мұсылман әлемі үшін қасиетті Мәдина қаласына барған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Ақбота Сейітмағамбет желіге Мәдинада түскен суретін салып, әсерлі жазба жариялады. «Жүрек – тылсым сырлары көп әрі сол сырларын жаратушымен ғана бөлісе алатын ерекше орын.
Раббы мен пенденің арасындағы, жан дүниеңде айқын сезілетін қасиетті байланыс. Оны ешкім байқамайды , ешкім бұза да алмайды. Әрдайым үнсіз сырласу.
Бұл нәзік байланыс ешқашан үзілмейді..», — деп жазды Ақбота. «КешYOU» тобы экс-солисінің фанаттары жазба астына түрлі пікір қалдырып, киім киісіне баға берген.
Ал кей оқырмандары әншіні бұрынғы күйеуі әрі екі баласының әкесі Дәурен Айдарқұловпен бірге қажылыққа аттанды деп топшылады. «Керемет жарасады екен», «Осылай оранып жүрші»,
«Алла қажылықтағы қадамыңызға разы болсын», «Алла сапарыңды сәтті қылып, дұғаларыңды қабыл етсін, қызым»,
«Дәуренмен бірге жүр екенсіз, сіздерді қағбаның қасында үш күн бұрын бірге суретке түсіп тұрғандарыңызды көрдім. Бақытты болыңдар, неге елден жасырынып жүрсіңдер? «, — деп пікір қалдырған оқырмандар.