Әке-шешесін тауық қорада қамап ұстайтындар көбейеді

0
128

Қарттар үйінен қашпау керек, себебі ол үрдістің нақты қазаққа қатысы жоқ — урбанизацияны бастан кешірген әр елге, әр қоғамға тән құбылыс.

Одан қашып құтыла алмайсың!

Керісінше, қарттар үйіндегі жағдайды әлемдік деңгейде алдыңғы орынға шығарып, қарттар үйін алдымен курортты аймақтарға салып, қарттықты нағыз жұмаққа айналдыру керек.

Ал енді әке-шешесін бақпады деп балаларына салық салсаң, түрмеге қамасаң — онда қазақтың кемпір-шалы қор болары сөзсіз.

Қартайған әке-шешесін тауық қораға қамап ұстайтындар көбейеді.

Сондықтан менің ойым, қарттар үйі керек!

Және ол жер ЖҰМАҚтан кем болмауы тиісті.

Әйтпесе қартайғанда қараусыз қалған кемпір-шалға өз босағасы да ТОЗАҚқа айналады.

Жеңіс ҚҰСПАНОВ, журналист.

Facebook жазбасы.

Фото көрнекілік үшін.