Алдағы уақытта кейбір пәндер қысқарады
2026 жылы орта білімнің жаңа стандарттары енгізіледі деп хабарлайды Democrat.kz. тілшісі atameken business арнасының ақпаратына сілтеме жасап.
Қандай өзгерістер күтіп тұр? Біріншіден, мұғалімдер мен оқушылардың сабақ жүктемесі азаяды. Кей пәндердің сағаты қысқарады.
Мәселен, 5-6 сыныптардағы математика пәнінің сағаты қазіргі 204 сағаттан 183 сағатқа азаяды. Сонымен қатар ұқсас пәндер қосылып, бір пән ретінде оқытылмақ.
Атап айтқанда, алгебра мен геометрия біріктіріліп, математика ретінде оқытылады.
Жобаны әзірлеушілер тәрбие сағаты, тәрбие жұмысы дегендер сабақ барысына кіріктірілетінін айтады. Яғни, тәрбие мәселесі сабақ кезінде айтылып, қамтылмақ. Тәрбие үшін арнайы уақыт бөлінбейді.
Қазіргі тәрбие-білім беру мазмұнына құндылықтарды күшейтетін оқу мақсаттарын, арнайы тақырыптар қосылады.
Жасанды интеллект білім бағдарламасына толығымен енгізіледі. Жоба әзірге бекітілмеген, алайда бүкіл құжаттар дайын.
Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.