Алматыда аттракционнан құлап көз жұмды

0
318

Желіде Алматыда айналмалы дөңгелек астында жатқан әйелді көрсететін видео пайда болды. Куәгерлердің айтуынша, оқиға Горький саябағы деген атпен белгілі орталық демалыс саябағында орын алған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Куәгерлердің айтуынша, оқиға сағат 16:00-де болған. Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау департаменті әйелдің қайтыс болғанын хабарлады.

«Әйел жедел медициналық жәрдем келгенге дейін қайтыс болды», – делінген хабарламада.

Өлімнің нақты қалай болғаны және марқұмның жасы туралы мәліметтер әзірге белгісіз.

Алматы қаласының полиция департаменті өз-өзіне қол жұмсау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталып жатыр.

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.