Алматыда Жириновскийге ескерткіш қойылмақ

0
101

ЛДПР негізін қалаушы Владимир Жириновскийге арналған ескерткіштер 2026 жылы бірнеше қалада, соның ішінде Саранскіде де ашылуы мүмкін,деп хабарлайды Todayinfo.

Бұл туралы ТАСС агенттігі хабарлады.

Жоспарға сәйкес, Жириновскийдің 80 жылдығын атап өту аясында түрлі іс-шаралар ұйымдастырылады.

2026 жылдың наурыз-сәуір айларында Саранскіде, ал сәуір-мамыр аралығында Ресейдің басқа аймақтарында және саясаткердің туған жері Алматыда да ескерткіштер орнату жоспарланған.

2026 жылы биографиялық моноспектакльдің премьерасы, «Жириновский оқулары» халықаралық ғылыми форумы және «Россия-1» телеарнасында деректі фильм мен сериалдың көрсетілімі жоспарланған.