«Аманат» партиясының экс-депутатына «педофил» деген айып тағылды

«Аманат» партиясының экс-депутаты Серікқан Жақыпов педофил деп айыпталып, прокурор оны өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасын сұрап отыр, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Әшкере телеграм арнасының мәліметінше, алдағы күндері сот жеті жастағы баланы зорлады деген күдікке іліккен бұрынғы мәслихат депутатына қатысты үкім шығарады.
Жақыповқа арызды баланың анасы (оның жақын туысы) түсірген. Кейін бұл деректі тиісті сараптама растаған.
Экс-депутаттың жұбайы күйеуінің мұндай қылмысқа бармағанына сенімді екенін мәлімдеп, тергеу изоляторына ас-ауқат салынған сәлемдеме жіберуде.
Биылдан бастап мұндай күдікке ілініп, қылмысы дәлелденген адамдар өмір бақиға сотталады. Билік осы арқылы қоғамға қауіпті элементтерді оқшаулауды көздеп отыр.
Айта кетелік, Қаңтардан кейін бұрынғы «Нұр Отан», қазіргі «Аманат» партиясына халықтың қарсылығы күшейген еді. Жұрттың пікірінше партия халық сөзіне құлақ аса бермейді. «Ескі Қазақстаннан» мұраға қалған саяси ұйым бұқараның сенімінен айырылған.