«Арманымның күл-паршасы шықты» деген 56 жасар әйел өз оқиғасын айтып берді

0
2490

ТикТок әлеуметтік желісінде өз басынан өткен оқиғамен бөліскен Әділбекова Жанат апай 56 жасында арманы алдағанын айтып берді деп жазады Democrat.kz.

Ұл-қызы есейіп, өсіп кеткен келіншек жалғыздықтан жалыққанын, сол себепті өмірлік серік іздегенін айтады.

«Бастапқыда ол еркекпен интернетте сөйлесіп жүріп, менің ойымдағы ер азамат екен деп ойладым. Ой-пікірі, сөздері, түсінігі, тіпті бойының ұзындығы — дәл мен қалаған еркектікі еді.

«Маған жұрттың сөзі маңызды емес. Қалған өмірімді дұрыс әйелмен бірге қыдырып, тыныштықта, отбасы ошақ қасында өткізгім келеді» деген оның сөздеріне сеніп қалдым.

Арман деген кетті ғой… шалымыз екеуміз қол ұстасып, қыдырып, балаларға кедергі келтірмей, екеуміз өз өмірімізді сүріп…

Алайда еркек қанша жаста болса да, бәрібір екен. Жақында уатсапп парақшамда проблема болып, басқасын аштым. Қайдан білейін, басқа нөмірге өткенім оған да көрініп тұр деп ойладым ғой.

Бірнеше күн бойы хабарласпай қойған соң, өзім хат жаздым. Алайда ол «мені блокқа тастадың» деп ренжіп, айғайлап…»- деген Әділбекова Жанат «армандарымның күл-паршасы шықты» деп өкінішін жеткізді.

Тиктокердің бұл видеосына қатысты жұрт «мына жасыңызда еркек іздеген өзіңізге де обал жоқ қой», » не қыласыз еркекті?», «қартайғанда бай іздеп» деп сөгіп те жатыр.

Ал кейбіреулер «жалғыздық жақсы емес, жаман оймен іздемеген», «бастарыңа түспей, түсінбейсіңдер», «адам қартайғанда қасына серік іздейді» деген сыңайда қарсы пікір жазуда.

Фото көрнекілік үшін.

@adilbekova_janat

♬ оригинальный звук — Janat_adil