«Астанада адам саны артып кетті» деген министр ұсыныс жасады

0
45

Бүгін Мәжіліс «Кейбір заңнамалық актілерге астананы және республикалық маңызы бар қалаларды дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын бірінші оқылымда қарады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Баяндама жасаған вице-премьер – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин депутаттардың сұрағына жауап бере келе, қалада адам саны әуел баста болжанған мөлшерден асып кеткен деген пікірін айтты.

«Менің ойымша, Астана әуел баста болжанған адам санынан әлдеқайда асып кетті. Қазір бүкіл инфрақұрылым тапшы. Әріптестер нақты айтар, қазір залда Астананы әкімінің орынбасары, менен көбірек білетін шығар. Бірақ су тапшылығы бар. Сол себептен, заң өте орынды деп ойлаймын. Адам саны мен миграцияны аздап шектеу керек. Аймақтарда ірі кәсіпорындар салып, бизнесті дамытып, адамдарды басқа аймақтарға жіберу керек», — дейді Жұманғарин.