Астанада оқыс оқиға орын алды

0
38

Астанада көлігіне жанармай құйып тұрған ер адам оттығын бензинге қойып, әдейі өрт шығарған.

Оқиға Тәуелсіздік пен Момышұлы даңғылдарының қиылысында болды. Оның видеосы «Astana_sergek.kz» Instagram парақшасында жарияланды.

Оқыс оқиғадан ешкім зардап шеккен жоқ. Жанармай бекетінің қызметкерлері өртті жылдам сөндіріп үлгерді.