Аттракциондағы өлім суицид пе?

0
130

Алматыда айналмалы дөңгелектен құлап кеткен әйел өлер алдында қызын тұншықтырып өлтірген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Zakon.kz басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Алматыдағы Горький саябағындағы әйел өліміне қатысты оқиғаның мән-жайы белгілі болды. Айналмалы дөңгелектен секіріп кеткен әйелдің Алматы облысының Іле ауданында тұратыны, өз-өзіне қол жұмсамас бұрын өз үйінде кішкентай қызын тұншықтырып өлтіргені анықталды.Полиция департаменті ақпаратты растады.

«Кәмелетке толмаған баланың өліміне қатысты тергеу амалдары жүргізілуде, тергеу мүддесі үшін басқа мәліметтер жария етілмейді», – делінген Алматы облысы полиция департаментінің хабарламасында.

Фото интернеттен алынды.