Аяқпен қамыр илеген кісі жұрттың ашуына тиді

0
104

ТикТок әлеуметтік желісінде аяқтарымен қамыр илеп, ол қамырдан кәдімгі манты түйген видео қазақтардың ашуын оятты деп жазады Democrat.kz.

Видеодағы адамның кім екені белгісіз. Нанды қастерлейтін қазақ ұлтының өкілі ме, белгісіз. Алайда аяқтарының қамыр илеп, оны бүгіп, түюге икемділігіне қарап, бәлкім жарымжан кісі болуы да бек мүмкін деп топшыладық.

Алайда бұл видеоны көрген біздің ТикТок қолданушылар ашуға ерік берді. «Обал емес пе?», «бұл не сұмдық?!», «нанды аяққа басуға болмайды», «осыны да мақтанып көрсетіп отырса, ұят екен» деген сыңайдағы пікірлер жазылуда.

Фото видеодан скринделіп алынды. 

@trendtiktokkaz1

♬ ჩუბინა — Chub1na.Ge