Аятжан Ахметжанұлы: «Айғай салғым келеді!»

0
229

Бір журналист қарындасым хабарласып, Семейдегі оқушылар арасындағы әлімжеттікті көрдіңіз бе? Бұл тоқтай ма? Себеп не дейді?

— Мен ол жерден басқа күтпедім, себебі қала әкімі мен білім бөлімінің басшысының мұғалімге әлімжеттік жасап шыршадан ұшып кетіп жараланды ғой мұғалім, көрдіңіздер ме? Дәл сондайлар тоқтағанда ғана оқушылар арасындағы әлімжеттік те тоқтауы мүмкін, — деймін.

— Ауырлау шығар. Бірақ, агрессия агрессияны тудырады. Әкімшіліктің мұғалімге агрессиясы мұғалімнің оқушыға агрессиясын тудырады. Мұғалімнің оқушыға агрессиясы, ата-ананың балаға агрессиясы балалардың жүрегін қатайтады. Бір-біріне агрессиясын тудырады.

Үйінде әкесі, шешесі боқтап сөйлейтін, баласының көзінше, әкеден шешеден түсіп, ауыз бармайтын боқтықты айтып отыра беретін отбасының баласы үшін боқтық сөз норма. Боқтық сөз норма бала үшін төбелес те, әлімжеттік те норма. Себебі, балапан ұяда нені көрсе, ұшқанда соны іледі.

Семейдегі жағдай жағаны ұстатып, қоғамды дүр сілкіндірді. Тіпті оқушы емес, кәдімгі қылмыскерлер арасында да ондай қатыгездік болмас. Бірақ, бұл ашыққа шыққаны, желіге тарағаны. Өкінішке, шықпағаны қанша?

Себебі неге?
Неге бұндай оқиғалар жиілеп кетті?

Себебі, қоғамда қатыгездік көп. Өтірік көп, алаяқтық көп. Жемқорлық, ұрлық-қарлық, сыбайластық. Отбасындағы әңгіме де, адамдар ортасындағы әңгіме де осы. Өнегелі әңгіме, үлгі алар оқиға тым аз, аздың өзінің нәсихаты жоқ.

Ал, жамандықтың жарнамасы көп, дақпырты қалың, шуы қатты.

Ал өнегені қалай көрсетеміз?

Тіпті қазір әдебиет те, кино да, өнер де адам тәрбиелеуге ұмтылмау керек. Оның миссиясы ана-мына дейтіндер көбейді. Енді кім, не тәрбиелейді бұл ұрпақты?

Ал, тәрбиенің ошағы отбасы мен мектептегі тәрбиені айтсақ, көзді біраз сығымдауға, ашынып аһ ұруға тура келеді.

Қоғамдағы әр адам өскінді тәрбиелеуші!

Не істейміз, оқушының үш жұрты (отбасы, мектеп, қоғам)?

Ұлттық құндылық, ұлттық тәрбие жүйеден ұлттық мектеп керек!
Айғай салғым келеді!

Аятжан АХМЕТЖАНҰЛЫ, білікті ұстаз.

Instagram жазбасы.

Фото интернеттен.