Әзілкеш Мадияр Талғардағы оқиғаға қатысты үндеу жасады (ВИДЕО)

0
277

Елімізге танымал “Өнер қырандары” театрының басшысы Мадияр Серікбай өзінің тик ток парақшасында видео жариялады.  Ол елімізде сөңғы уақытта болып жатқан жағдайларға байланысты өз пікірін білдірді, деп жазады Democracy.kz.

“Талғарда болған қайғылы оқиғаға, қайғыра көңіл айтамыз. Қылмыскерлердің барлығы қолға түсіп, тиісті жазасын алсын, құзырлы органдар, ел ағалары баршасы осыған ат салысса екен дейміз”,- дейді.

“Осындай оқиғалардың себептерінің бірінші себебі, түнде арақ іздеп келген жастар. Спиртной сатуды дүкендерде тоқтатсақ және екіншісі компьютер клубтары қазір білесіздер кальян клубтар, түнгі клубтарда жастар таңға дейін топырлап тұрады. Қарқ- қарқ күлкі, не істерлерін білмей, қолдарында бір- бір сыра ішкілік. Содан не істейді түнімен? Түн деген тыныштық үшін берілген, сол тыныштықты бұзып, таңға дейін не істерлерін білмей әйтеуір түбі осындай қылмыстарға барады. Аяғы осындай қазаға қайғылы оқиғаға әкеліп соғады”,- дейді.

Сондықтан, осындай спирт сатуды доғарсақ қылмыстар азаятын еді,-дейді әзілкеш.

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынған.