Бағдат Мусин жаңа қызметке тағайындалды

0
51

Бұрынғы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин «Қазақтелеком» АҚ Басқарма төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Еске салайық, «Қазақтелеком» АҚ бұрынғы басшысы Қуанышбек Есекеев Президент кеңесшісі лауазымына тағайындалды.

Бағдат Мусин Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігін 2020 жылдың қыркүйегінен бастап басқарды. 2024 жылы 30 сәуірде президент Қасым-Жомарт Тоқаев оны қызметінен босатты.