Байлар қайда қашып жатыр?
Сарапшылар қай елдерден миллионерлердің көптеп кетіп жатқанын анықтады.
Миллионерлер экономикалық шиеленіс пен әлеуметтік оқиғаларға байланысты Ұлыбритания мен Қытайдан көптеп кетіп жатыр. Сарапшылар осындай қорытындыға келді, деп хабарлайды Kaz.Nur.kz.
Henley Private Wealth Migration Report-тың есебіне сәйкес, Ұлыбритания биыл 9500 миллионерінен айырылады, бұл Қытайдан басқа әлемдегі кез келген басқа елден көп. Биылғы көрсеткіш 2023 жылы елден кеткен ауқатты адамдардың санынан екі есе көп. Қытай биыл 15 200 миллионерінен айырылуы мүмкін.
«Әлем геосаяси шиеленістермен, экономикалық белгісіздікпен және әлеуметтік оқиғалармен күресіп жатқанда, миллионерлердің рекордты саны өз елдерінен кетіп жатыр», — дейді Henley қызметкері Доминик Волек.
Зерттеу New World Wealth компаниясымен бірлесе жүргізілді, оның сарапшылары қоныс аудару деректері, инвестициялық көші-қон статистикасы және байлық делдалдарының деректері негізінде көші-қон деңгейін бағалады.
Есеп биылғы тұрақты тұрғылықты жерін ауыстыратын миллионерлердің жалпы санының 7 пайыздан астамы Ұлыбританиядан кететінін көрсетеді. Сарапшылардың пікірінше, байлар үшін бұл елде тұрмауға әсер ететін бірқатар фактор бар. Олардың ішінде: Брексит, Украинадағы соғысқа байланысты энергетикалық дағдарыс және инфляцияның өсуі.
Бай адамдар бірінші болып ағылатын елдер – Біріккен Араб Әмірліктері мен Сингапур деп болжанып отыр.
Фото интернеттен алынды.