Балаға аяғын уқалатқан имамның психикасында кемшіліктер болуы мүмкін

4 шілде 1841 жылы Ұлыбританияның Манчестер қаласына жақын жерде орналасқан Мосс-Сайд шағын ауданында аты-жөні Тьерри Вильям Прейер деген бала дүниеге келеді. Бұл кісі жастайынан оқымысты болады. Білім алуды Лондонда бастайды да Бонн, Берлин, Гейдельберге, Вена, Париждің университеттерін түгел оқып тауысады.
Ойбай ау сонша қаланы шарлап не оқыған десеңіздер, медицина саласында оқыған екен. «Доктор медицины, физиолог, психолог» деп атақ-даңқы кете береді бұ кісінің.
Прейер көкенің адамзатқа берген ең құнды еңбегі — өзінің баласын туған сәтінен бастап, үш жасқа толғанша күн сайын баланың өсуін, дамуын зерттеп, қағазға түсіріп отырып 1882 жылы «Бала жаны» аты кітап жазып шығады.
Бала психологиясын зерттейтін ғылымның ірге тасын құйған адам болып саналады.
Прейер көкенің тұжырымдарын оқимын десеңіздер гуглден табасыздар. Менің айтпағым манағы медреседе шәниіп отырып алып, жап-жас балаларға аяғын уқалатып «издеватся» етіп отырған молда жайлы болмақ.
Біріншіден, адам орындықта отырғанда оның аяқтары бәрібір «напряженно», яғни денені тіреу қызметін атқарып отырады.
Ондай отырыста жасалған кез келген массаж,уқалау ешқандай эффект бермейді. Аяғы ауырған адам арқасымен шалқалай жатып , екі аяғын бос қойып, содан кейін уқалатса ол бөлек әңгіме.
Бұдан шығатын қорытынды, молда осы іс-әрекетімен «самоутверждение» яғни өзінің ішкі эгосын қанағаттандырып, әлдекімдерге үстемдік жүргізе отырып , өз ішкі комплекстерімен алысып өз бағасын көтеріп отыр дегенге саяды. Демек молданың психикасында кемшіліктер болуы мүмкін.
Қазақ айтады: «Бала ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» дейді. Яғни бала көргенін істейді деген сөз. Дұрыс тәрбие көрмеген баланы қазақ «әй көргенсіз-ай» деп сөгіп жатады. Бұл өте ауыр сөз негізі.
Әлгі молданың аяғын уқалап отырған балалар өзінің балалары ма екен, әлде медресеге оқуға берген жұрттың баласы ма екен, оны әуелі анықтау керек.
Кімнің баласы болса да, ол осы қазақстан республикасының азаматы яки заң бойынша құқықтары бар. Балаларға медреседе молданың аяқтарын уқалауға болады деген заң жоқ еш жерде.
Сөз басында Прейер көкені тілге тиек еттім ғой, ол кісі де баланың жасөспірім шағында көргендері оның қалған өміріне тікелей әсер етеді дейді.
Бала қытыгездік көрсе, қатыгез болады. Мейірімге бөленіп өссе, мейірімді болады.
Енді атышулы 90 жылдарда Ресейдің Петербор қаласында Пески деген ауданда жасөспірім қыз балалардың тәнін саудалап жүрген топ қолға түседі.
Әлгі қолға түскен топта жасы әлі онға да толмаған қыздар болады… сұмдық енді.
Соларды пайдаланып жүрген қоғам неткен қорқынышты еді.
Жасөспірім қыздармен психологтар жұмыс істей бастайды. Ішінде ең кішісі 7 жасар қыз екен. Сол қызды балалар үйіне өткізеді.
Балалар үйінде қызбаланың жаны жәй тапқандай болады. Уақытылы тамақ ішіп, уақытымен ұйықтап, өзі қатарлас баладармен ойнап алданып, мәз мәйрәм болады.
Біраз уақыттан кейін әлгі қызды атасы мен әжесі келіп демалыс күндері өздерімен бірге болсын деп үйлеріне алып келеді. Қыз не істейді? Қыз бір тарелка көже ішкен соң, орнынан тұрып тыр жалаңаш шешініп тастайды екен.
(Неге олай жасайсың десе, енді мен сіздерге алғыс айтуым керек емеспе деп айтатын көрінеді..)
Ары қарай жазып жүректеріңізге салмақ салғым келмейді, өзімеде оңай емес осыны жазу.
Кейін ол қыз бой жетіп бәрібір айналып келіп сол жезөкшелік жолды таңдап алған екен.
Сондықтан балалардың жастық шағына өте қатты назар аудару керек деп есептеймін.
Ана молданың аяғын уқалап өскен баларда ертең ақ ер жетіп осы қоғамға араласып кетеді. Аяқ уқалау олар үшін қалыпты жағдай болып қала береді…
Ал оның арты не болады сонда???
Медет АРЫСТАН, қоғам белсендісі.
Facebook жазбасы.
Фото көрнекілік үшін.