Балаңызды бақылауда ұстаңыз

0
217

Белгілі журналист, экс-сенатор Дана Нұржігіт әлеуметтік желідегі алаяқтарға қатысты ойын бөлісті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Журналист кибер қауіпсіздік туралы да сөз қозғап, ел біле бермейтін түрлі терминдерге қатысты ақпаратты бөлісті.

Дроппер деген кім екенін білесіз бе? Кибер-қылмыстық схемаға, топқа кіретін адам. Шет елде отырып, телефон арқылы алаяқтық жасайтындарға біздің елдің банк карталарына ақша түсіріп беретін адам керек.

Олар үлкен сомаларды осы дропперлерге аудартып, дроппер өзінің 10-15 мыңын алып отырады да, үстіндегі ақшаны шет ел асырып жібереді. 1 млн теңгенің 10 мыңы дропперге, 990 мың шет елде отырған бенифициарға.

Әрі қарай ол ақша криптаға ауыстырылып, біздің елде алданған адамға қайтару мүмкін емес болып шығады.Дропперлердің көбісі жасөспірім балалар. 16-18 жас. Олардың қылмысы азаматтық сотта қаралады”, – деді экс-сенатор.

Сондай-ақ желідегі алаяқтықтың дені телефонға көп үңілетін жасөспірімдердің арасында болатынын айтты.

“Балаларымыз телефонға үңіліп отырғанда, олардың не істеп отырғанын ата-ана-біз білмейміз де. Ал, қылмыстың бәрі қазір кибер-кеңістікте жасалады. Есірткі тасушы – закладчик, ақша аударушы – дроппер, менің түсінгенімше, полиция учаскелеріне түсетін күдіктілердің басым көпшілігі – осылар.

Ал, заңда дроппер деген термин де жоқ-ау… “Бүйту керек ед, сөйту керек ед” деп жүргенде алданғандардың млрд ақшасы оп-оңай шет ел асып жатыр”, – деп алаңдаушылық білдірді журналист.

Фото интернеттен алынды.