Баласын вокзалда тастап кеткен ана іздестіріліп жатыр
Астанада баласын вокзалға тастап кеткен әйел іздестіріліп жатыр. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Баласын вокзалға тастап кеткен әйелге іздеу жарияланғаны туралы ақпарат Instagram-дағы _astana_volontery_lider.kz парақшасында жарияланды.
«5 қаңтарда сағат 18:00 шамасында ескі вокзал ғимаратында 3-4 жасар баланы тастап кеткен әйелді іздейміз», — делінген жазбада.
Көліктегі полиция департаменті баспасөз қызметі өкілі NUR.KZ тілшісіне сотқа дейінгі тергеу амалдары басталғанын мәлімдеді. «Бала медициналық мекемеге орналастырылды. Полицейлер оның анасын әлі іздеп жатыр», — деп хабарлады ведомство өкілдері.