Басқа елдерде олимпиада жүлдегеріне қандай сыйлық береді?
CNBC кейбір елдердің үкіметтері Олимпиада жеңімпаздарына қандай ерекше сыйлық бергенін жазған. Қазақстан ең көп сыйақы беретін әлемдегі ТОП-5 елдің қатарында тұр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оңтүстік Кореяның жеңімпаздары ақшаға қосымша зейнетақы алады. Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, жеңімпаздарға 63 миллион корей вонынан (43 288 доллар) бөлек , Оңтүстік Кореяның алтын медаль иегерлеріне өмір бойы ай сайынғы миллион вон зейнетақы немесе 67,2 миллион вон бір реттік төлем алу құқығы беріледі.
Күміс жүлдегер 35 миллион вон, ал қола жүлдегер 25 миллион вон алады. Кейбір спортшылар тегін сусындар мен қоғамдық көлікте тегін жүру сынды сыйлыққа ие болады.
Гонконг қоғамдық көлік операторы медаль иегерлеріне өмір бойы тегін жүруге билет береді.
Польша Олимпиада комитетінің 200 000 поляк злотасынан (50 374 доллар) басқа әйелдер арасындағы слалом К1 жарысында күміс жүлдесі үшін Клаудия Зволинска демалыс билеті, стипендия және гауһар әшейкейін алады.
Жергілікті мейрамханалар желісі Токио ойындарында Малайзия атынан қатысқан спортшыларға өмір бойы тегін тамақ пен тарик (сусын-авт.) алады деп уәде берді. «Тарик» — Оңтүстік-Шығыс Азия халқы ішетін ыстық сүтті шай.
«Токио ойындарында күміс медаль жеңіп алған жапондық теннисші Касуми Исикава сыйлық ретінде 100 қап күріш алды. Индонезиядан барған алтын медаль иегерлері Априяни Рахай мен Грейсия Полиге бес сиыр, котлет мейрамханасы мен жаңа үй берілген. Ұлыбритания, Норвегия және басқа да бірқатар елдің спортшылары құрмет тұғырынан орын алу үшін тікелей ақшалай бонустар алмайды», — делінген хабарламада.
Фото көрнекілік үшін алынды.