Басқа ұлтқа тиген қызды мақтан көрудің керегі бар ма?
Жер бетінде кез-келген ұлт жойылар алдында оның ең әуелі ошақ басындағы әйелдері мен оң жақта отырған қыздары бұзылатыны белгілі.
Қыз – болашақ ана, ұрпақтың тәрбиешісі. Ал ұлтының не тілін, не дінін, не үрдісін қадірлемейтін ойына келгенін істеп, аузына келгенін сөйлейтін, бетімен кеткен әйелден туған, соның тәрбиесін көрген ұрпақ азғын ұрпақ болады.
Ұрпағы азғын ұлт та –азғын ұлт. Шыққыр көзің осының бәрін көріп отырғасын өз ұлтыңа өзің өкпелеп: «Ана болар – қызың жоқ, әке болар – ұлың жоқ, қыл мойынға құрық түспей түсінетін түрің жоқ» деп те күнәға батады екенсің.
Мен үнемі біздің елде тайраңдап жүрген басқа ұлт өкілдеріне (әсіресе қара нәсілді) қарсы болатын себебімнің бірі осы еді негізі.
Қазір қыздарымыз басқа ұлтқа тисе, ұяттан жарылып өлудің орнына алдымен әлеуметтік желіге салып сүйіншілейміз. Құда-құдағи болып төс қағыстырып, бүкіл әулетімізбен күтіп алып жатамыз.
Одан кейін анау қыздың өткен ұзату тойынан бастап, балалы бооғанына дейін күнде желіге салып отыру да үрдіске айналған. Жұрттар оған жазылып, подписчик жинайды.
Ал бұл дегеніміз, қазақ қызының басқа ұлтқа тұрмысқа шығуын таза жарнамалау, гендерлік саясат.
Бұл дегеніміз сол қыздың бүкіл әулетінің ақсақалдарынан бастап жіберген қателігі,бүкіл әулетке,руына түскен қара таңба екенін білмеуі.
Қазақтың қызының ғана жатырын бұзып қана қоймай, бүкіл қазақ анасының жатырына дақ түсіру екенін бірі біліп, бірі біле бермейді.
Мынау елімізде тойда ән салып думандатып жүрген қара нәсілділердің қаншама қазақ қызын қойнына басқанын тек өздері ғана білетін шығар, ал біздер бұлардың фонограммамен айтқан өлеңдеріне шошаңдап билеп, мәз боламыз.
Кейбір ішімдік ішіп,қызып алған жеңгейлеріміз тойға да қарамай осылармен бірге кетіп қалғысы келіп тұратынын аңғарамыз.
Сонда бұлардың қазақтың қыздарының жүрегін жаулап алатындай қандай қасиеттері бар деп кейде ойлайды екенсің. Ал біздер бұл қателікті о бастан жіберіп алғанымыз қандай өкінішті, аянышты!
«Ел боламын десең,бесігіңді түзе»- дегендей, бізде ел болатын бесік те қалмай бара жатқандай. Қазақтың бесігін тербететін қара көз қыздарымыз, киелі бесікке басқа ұлттан туған жиенді салудың өзі қандай қорқынышты?!
Байкал САЙЫМОВ, қоғам белсендісі.
Facebook жазбасы.
Фото көрнекілік үшін.