Сақалды жігіт ел ішіне іріткі салып отыр (ВИДЕО)
ТикТок әлеуметтік желісінде тараған келесі видео көрермендерінің ашуын тудырды деп жазады Democrat.kz.
Аты-жөні нақты белгісіз, (тиісті орган өкілдері анықтайды деп сенеміз) азамат экстремистік бағытта жұмыс жасап отыр.
«Бізге Батыс Қазақстанды бөліп алып, автономия жариялау керек. Ойлану керек. Бірнеше жылдың ішінде Батыс Қазақстанды Дубай етіп жібереміз» дейді қазақ жігіті.
Түр-келбетіне қарап, иектегі сақалға қарап, бұл жігіттің қандай адам екенін білу қиын емес.
«Батыс Қазақстанды Дубай жасағысы келетін» жігіттің пікірін қолдаушылар да аз емес екен. Алайда басым көпшілік бұл жігітің мына сөзі — экстремизм екенін ескертуде.
Фото видеодан скринделді.
@batys.kazakh