Баян: «М*****а мен үшін қорлау сөз» деді

0
423

Бүгін Алматы қаласының мамандандырлған ауданаралық әкімшілік сотының ғимаратында танымал продюсер Баян Алагөзоваға тіл тигізді деп айыпталған Дана Орманбаеваның ісіне қатысты соттың төртінші тыңдалымы өтті деп хабарлайды Democrat.kz. Ақпараттық порталы Stan.kz -ке сілтеме жасап

Сот жәбірленуші Баян Алагөзовадан жауап алудан басталды. Айыпталушының адвокаты Таир Назханов жәбірленуші мен оның қорғаушысының  өткен сот отырысына қатыспауының себебін түсіндіруін талап етті. Баян Алагөзованың адвокаты Олег Чернов екінші сот отырысының кенет аяқталуына байланысты келесі сот отырысының уақытын өзімен келіспестен белгіленгенін алға тартты. Айтуынша, сол сәтте ол басқа сот отырысына қатысқан.

Сот отырысына Дана Орманбаеваның күйеуі, белгілі шоумен Дәуіт Шайхисламов та қатысты.

Таир Назханов жәбірленушіге “Сіз шағым түсірген желідегі жазбаларда аты-жөніңіз аталды ма? “М*****а” деген сөзді ашық қолдануға болмайтын былапыт сөз деп санайсыз ба?” деген сынды сұрақтар қойды.

“Бір жазбада желі қолданушысы Данаға сұрақ қою арқылы менің атымды жазған. “М*****а” мен үшін бұл қорлау сөз”, – деп жауап берді Баян Алагөзова.

Сондай-ақ Дана Орманбаева да талапкерге бірқатар сұрақ қойды. Судья сауалдардың басым бөлігін іске қатысы жоқ деп тауып, сұрақтарды алып тастады. 2 сағатқа созылған сот отырысы айыпталушының судьяны ауыстыру туралы талабымен аяқталды.

Дана Орманбаева сот отырысының әділетсіз өтіп жатқанын айтты.

“Мені бұлай соттағанын қаламаймын. Қорғаушы Таир Назханов пен Абзал Қасымжановпен кеңеспестен, істі басқа судьяның қарауын талап етемін”, – деді айыпталушы.

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.