Бекзат Саттархановтың анасы қазақ боксшыларына ренішін білдірді

0
136

Сидней Олимпиадасының чемпионы марқұм Бекзат Саттархановтың анасы Сырлыгүл Саттарханова журналист Нұрсейіт Жылқышыбайға берген сұхбатында қазақ боксшыларына ренішін айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Марқұм боксшының анасы чемпион атанған қазақ боксшыларының біреуі де келіп амандаспағанын айтты.

«Шыныңызды айтыңызшы, кейінгі кезде қай Олимпиада чемпионы сізге келіп кетті», – деп сұрайды журналист Нұрсейіт Жылқышыбай.

Бұл сауалға жауап берген Сырлыгүл Саттарханова Олимпиаданың алдында өзбек боксшылары өзіне арнайы келіп кеткенін айтады.

«Әр Олимпиада алдында өзбек боксшылары үйіме келеді. Бір жылдары Икарус автобусымен түгелдей келіп, дастарханымнан дәм ауыз тиіп, менен бата алып кетті. Жыл сайын келіп тұрады, биыл да келіп кетті. Ал биыл мен өз бала-шағамды көрмедім. Мен боксшыларды бала-шағам деймін. Бақтияр Артаевтан басқа ешкімді көрмеппін. Міне, 24 жыл болды ғой», — деді Сырлыгүл Саттарханова.», – дейді анасы.

Фото интернеттен алынды.