Берген қалыңмал ақшасын бөлісу үшін сотқа жүгінген

0
172

Астана қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ерлі-зайыптылар арасындағы мүлікті бөлу мәселесіне қатысты ерекше істі қарады.

Күйеуі той кезінде жұбайына қалыңмал ретінде 5 млн теңге және құны 1 млн теңге тұратын зергерлік бұйымдар сыйға бергенін мәлімдеп, сотқа мүлікті бөлу туралы талаппен жүгінген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Талапкер жұбайының бұл мүлікті заңсыз иемденгенін айтқан.

Жауапкер болса, талапты мойындамай, әшекейлер мен қаражатты жеке меншігі деп таныды. Сот іс материалдарын зерттеп, талапкердің дәлелдерін жеткіліксіз деп тапты. Нәтижесінде, талапты қанағаттандырудан бас тартылды.

«Істі қарау барысында сыйға берілген 5 млн теңгені алу фактісі құжатпен расталмады, сондай-ақ жауапкердің аталған қаражатты иемденіп алғаны дәлелденбеді. Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексінің 35-бабына сәйкес, некеге дейінгі мүлік пен сыйға берілген заттар ерлі-зайыптылардың әрқайсысының жеке меншігіне жатады және ортақ мүлік ретінде бөлісуге жатпайды», — делінген хабарламада.

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.