Білім беру нысандары қауіпсіздігі бойынша жан-жақты тексеріледі

0
116

ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл жөніндегі аға жедел уәкілі Амангелді Бапиновтың айтуынша, білім беру нысандары террористік тұрғыдан осал объектілер тізіміне енгізілген, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Оларға мектепке дейінгі мекемелер, колледждер, жоғары оқу орындары және қосымша білім беру ұйымдары кіреді. Айта кетейік, Қостанай облысының аумағында осы санаттың тізімінде 506 нысан бар.

Жоғарыда аталған объектілердің терроризмге қарсы қорғалу талаптарына мыналар жатады: нысандар аумағында өткізу режимін қамтамасыз ету, инженерлік-техникалық құралдармен, оның ішінде бейнебақылау және хабарлау жүйелерімен жарақтандыру, сондай-ақ террористік қатерлер кезіндегі іс-қимылдар бойынша жұмысшылар және оқушылармен оқу іс-шараларын ұйымдастыру.

Бұдан бөлек, барлық оқу орындары дабыл батырмаларымен жабдықталуда және бейнежазбаны жедел басқару орталықтарына, сондай-ақ полицияның кезекші бөлімдеріне беруді қамтамасыз етеді.

Көрсетілген талаптарға қосымша қалаларда, аудан орталықтарында орналасқан және саны 700-ден астам оқушы мен персоналы бар білім беру объектілері бақылау және басқару жүйелерімен жарақтандырылуда. Сонымен қатар нысандардың бұл санатында жеке лицензияланған күзет болуы керек.

Бүгінгі күні 321 білім мекемесінің камералары жедел басқару орталығына және полицияның кезекші бөлімдеріне қосылған. 325-де дабыл батырмалары орнатылған. 205 нысанда турникеттер бар. 189 білім беру нысанында лицензияланған күзет қызмет жұмыс істейді.

Фото интернеттен алынды.