Бишімбаевтар тағы бір сотта жеңілді
24 жылға сотталып кеткен экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ата-анасы журналистің жалған ақпарат таратуына қатысты сотта жеңіліс тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Астана қаласының әкімшілік істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты бұл істі тоқтату туралы қаулы шығарды.
«Уәлихан Бишімбаев пен Альмира Нұрлыбекова (Қуандық Бишімбаевтың ата-анасы) полицияға журналист, блогерді әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы арыз жазған.
Олардың болжамы бойынша ол жалған ақпарат таратқан. Журналист Астана тұрғынын Антикор қызметкерлері Бишімбаевтың қылмыстық ісі бойынша мәселені шешу үшін 100 миллион теңге сомасында ақшалай қаражат берді деген ақпарат таратқан.
Қорғаушылар журналистің әлеуметтік желіде шынайы оқиға жариялағанын дәлелдеді. Филолог маманның қорытындысы жасалды. Себебі ол мемлекеттік органдар жариялаған ақпаратты таратқан», — деді іс бойынша қорғаушы болған Дамир Ишмаметов.
Фото интернеттен алынды.