Бишімбаевты ақтау кампаниясы қарқынды жүре бастады

0
63

Ресейлік блогер Наталья Грэйс Бишімбаевтардың отбасында болып, соты өтіп жатқан Қуандықтың ата-анасымен сұхбат жасады деп хабарлайды Democrat.kz ақпараттық порталы.

Өткен мақалаларымызда айтып өткеніміздей, ресейлік блогердің түпкі мақсаты Бишімбаевты ақтап алу болғаны баршаға аян. Сұхбат барысында Қуандықтың Салтанатқа әперген “Атаракс” дәрісіне тоқталған Грэйс бұл дәрінің адам ағзасына қалай әсер ететіне тоқталады. Мақсаты белгілі.

Атараксты қолданған Салтанаттың қан тамыр жүйесінде, жүрегінде, миында ақау болып, өлімі содан болуы мүмкін дегенге көрерменін сендіргісі келеді. Алайда дәрі де, унитаз да, еден де емес, Салтанаттың өлімі ауыр соққылардан болғанын Бишімбаевтардың жақтаушылары мойындағысы келмейді.

Естеріңізде болса, Бишімбаевтың адвокаты да: “Салтанат басын кірпішке соғып, сол жарақаттың салдарынан миында қанама болуы мүмкін” деген долбарын айтқан-ды. Салтанат өз басын өзі кірпішке соққылап, басын жарақаттамағанын бесіктегі бала да біледі емес пе?!

Салтанатты жуан жұдырықпен Қуандық періп қалғанда, басы кірпіш қабырғаға соғылғаны видеода анық көрініп тұр. Олай болса, адвокат та, Грэйс те “суға кеткен тал қармайдының” керін келтіріп жатқаны анық емес пе?

Фото ашық дереккөзден алынды.