Бишімбаевтың адам қорқатын видеосы зерттеуге алынды

0
512

Бүгінгі сот отырысында жауапкер Қуандық Бишімбаевтың телефоны сот зерттеуіне алынды. Зерттеу барысында Бишімбаев видеоларды монтаж деп мойындамады деп хабарлайды Democrat.kz.ақпараттық порталы. 

Видеодан естілген дауыстардан түсінгеніміз, Бишімбаев марқұм Салтанатқа өзі қалаған жауапты алу үшін бірнеше рет бір сұрақты айналдырып қояды. Сонымен қатар бүкіл бейнежазбадағы Бишімбаевтың  даусын тыңдай отырып, боқтық сөзден басқа ешбір тәуір сөз ести алмайсыз.

Осыдан-ақ оның Салтанатқа қарым-қатынасының қандай болғанын анық көруге болады. Сондай-ақ бұл видеоларда қайғылы оқиға болған күні түсірілген уақыт көрсетіліп тұр.