Бишімбаевтың адвокаттары өтініш жасады
Бишімбаев ісі бойынша бүгін жалғасын тапқан сотта Қ.Бишімбаевтың адвокаттары бірнеше мәлімдеме жасады деп хабарлайды Democrat.kz ақпараттық порталы Qumash телеграм арнасына сілтеме жасап.
Бишімбаевтың адвокаттары алға тартқан уәждер:
▪️Салтанат Нүкенова Бишімбаевты қызғанатын әйел болған.
▪️Бишімбаев абьюзерлік пен қатыгездік жасады деген айып шындыққа жанаспайды.
▪️Камера жазбаларын істен шығару керек еді, өйткені ол камера жазбалары заңсыз алынған.
▪️BAU ресторанында тергеу эксперименттерін жүргізу керек, себебі куәгерлердің сөзі түрлі шығуда.
Сондай-ақ Бишімбаевтың адвокаттары “Асқан қатыгездікпен адам өлтіру” бабын “Абайсызда өлтіріп алу” бабына ауыстыруды да сұрап өтініш жолдады.
Ал Нүкенованың адвокаттары қарсы тараптың бұл өтініштерін қабылдамауды сұрады.
Фото ашық дереккөзден алынды.